Бүгін  ҚМДБ -ның «Зекет және қайырымдылық» қорының  директоры Мақсатбек Мақсотұлы Қайырғалиев арнайы іссапармен Шымкент қаласына келді. Сапар аясында бірқатар рухани һәм қайырымдылық іс-шараларға қатысады. 

Шымкент орталық мешітінде тұрақты түрде  өткізіліп келажатқан «Мейірім» қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 

Қайырымдылық шараға  ҚМДБ-ның  «Зекет және қайырымдылық» қорының  директоры Мақсатбек Мақсотұлы қатысып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау сәлемін жеткізді.

Шара аясында  науқас, мүмкіндігі шектеулі балалары бар  25  отбасыға  (күріш, қант, өсімдік май, шай, ұн, макорон, бал, тәттілер, құрма т.б) азық-түлік  салынған қорап үлестірілді.

Игі шара аясында ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының басшылығына және тұрақты акцияға қаржылай қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы арнайы алғыс айтып, ризалық білдірді.       

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38