Бүгін Шымкент орталық мешітінде елорда да өткен  «Имам –  ізгі қоғам жаршысы» атты V республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарды насихаттауға арғалған «Шариғат және ұлттық құндылықтарды насихаттау жолдары» атты аймақтық имамдар форумы» аймақтық танымдық имамдар форумы ұйымдастырылды.

Аймақтық имамдар форумын ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды.

Форум аясында найб имам Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев пен іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы қабылданған «ҚМДБ Рухани (діни және ұлттық) құндылықтарды насихаттаудағы рөлі», «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі», «Қажының рухани келбеті» құжаттарын кеңінен таныстырды.

Сондай-ақ, қатысушылар тарыпан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, V республикалық имамдар форумында қабылданған арнайы үндеуін оқып, таныстырды. 

Басқосу соңында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы барша мешіт қызметкерлеріне қабылданған құжаттарды күнделікті  бес уақыт, жұма т,б, құлшылық кезінде және өзгеде қажетті орындарда жүзгесе асырып,  қолданып,  насихаттау қажет екеніндігін тапсырды. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38