Бүгін ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы Қайырғалиев Шымкент қаласында өткен аймақтық еріктілер форумына қатысты.
Аймақтық форум «Қайырымдылық жаршылары» тақырыбында өтті. Форумға қала, аудан мешіттеріне ресми тіркелген еріктілер қатысты.
Игі шара аясында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы ашып, жүргізді.
Форумда Мақсатбек Мақсотұлы еріктілер қозғалысының мақсаты туралы, волонтерлік қызмет және оның ережелерін кең көлемде тоқталып өтті. Астана қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Әли Мирзақұлов зекет және қайырымдылық қорының 12 бағыт бойынша атқаратын жұмыстарына шолу жасады.
Осыдан кейін, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев еріктілер тобының атқарып жатқан жұмсытары туралы баян етті. Сонымен қатар форумға қатысушы еріктілердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Келешекте осы бағытты дамыту жоба, жоспарларды әңгімелесті.
Айта кетейік, басқосу аясында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы орталық мешіт жанынан ашылған «Zeket HUB» қайырымдылық орталығының жұмысымен танысты. Орталықтың негізгі мақсаты – мұқтаж отбасылардың базасын жасап, тұрақты түрде азық-түлікпен қамтамасыз ету. Және жергілікті әкімдіктермен және «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі арқылы бірлесіп жұмыстар атқаратын болады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі