Шымкент қаласы Сайрам ауданындағы Ибрагим ата мешітінің әйел-қыздар жамағаты мамыражай мамыр айында алған білімдерін сынау және қорытындылау мақсатында емтихан тапсырды.
Емтихан 2 турдан тұрды.
1-тур тестілеу (сенім, ғибадат, сира пәндерінен), 2-тур ауызша (Құран,тәжуид бойынша) өтті.
Емтихан соңында шәкірттер әдемі жайылған дастарханмен қуантылды.
Ең жоғары баға алған 3 шәкіртке сыйлықтар табысталды.
  Отырыс соңында  білім алудың маңыздылығы жайлы уағыз айтылып, әжелеріміздің ақ батасы және де Алланың нығметтеріне деген шүкіршілікпен аяқталды. Алла шәкірттеріміздің зейіндерін ашып, тақуалықтарын арттырсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38