ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында  дін мамандарының діни біліктілігін арттыру мақсатында Шымкент қаласы «Айқап» мешітінде қалалық «Әйел-қыздар» секторының ұстаздарына  арнайы дәріс ұйымдастырылды. 

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинарға ҚМДБ Найб мүфтиі, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі шейх Сансызбай қажы Құрбанұлы арнайы қатысып, дәріс оқыды.

Жалпы шейх Сансызбай қажы Құрбанұлы  ақида және шариғат мәселелері, жат ағымдардан сақтану жолдары сынды күрделі мәселелерді түсіндірді. Қатысушылар тарапы сұрақтар қойып,  тұшымды жауап алып, мол ақпарат қанықты.   

Шара соңында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов  ұстаз Сансызбай қажы Құрбанұлына алғыс айтып, ризалығын білдірді.

  ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38