Ғалым Абдусаттар Сманов мешітінің жамағаты Біркөлік демалыс аймағында болды. Таза ауада балалармен спорт ойындарын ойнап, тауларды, бұлақ, өзендерге қарап, Аллаһтың жаратылысына ой жүгіртіп, тәфәккүр үстінде болды. Аллаһтың жаратылысы жайлы уағыздасып, Құран хатым дұғасын жасап, артынан қызықтырақ болу үшін діни сабақтардан сұрақ-жауаптар қойылды. Демалыс жамағаттың көңілін сергітіп, бір-бірімізге деген жақындықты арттырып, қызықты күндердің бірі болып өтті, Аллаға шүкір.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38