ҚМДБ Найб мүфтиі, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы Шымкент қаласында орналасқан  «Шымкент» медресе-колледжінің тыныс-тіршілігімен танысу үшін арнайы барды.

Кездесуге ҚМДБ Найб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы,  Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов,  «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай және студенттер қатысты.  

Кездесу барысында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасында көрсетілген мәселелер мен  шәкірттеріге ілім үйрену, елге қызмет ету, имамдық қызмет, т.б. өзекті тақырыптар жөнінде насихатын айтып, батасын берді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасыз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38