Шымкент қаласына іссапармен келген ҚМДБ Найб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінде жамағатпен кездесіп,  ақшам уағызын жүргізді.

Ұстаз Сансызбай қажы Құрбанұлы «Ислам және Ихсан ілімі» тақырыбы бойынша уағыз айтып, елді бірлікке, ынтымаққа шақырды.

Сондай-ақ, биылғы жылы ҚМДБ тарапынан  «Ислам және ізгі қоғам» деп жария етілгендігін айрықша атап өтті. Өте қызықты өткен кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.  

Ақшам намазы барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы ұстаз Сансызбай қажы Құрбанұлына жамағат атынан алғысын білдірді. 

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38