Бүгін ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында имамдардың діни біліктілігін арттыру мақсатында Шымкент орталық мешіт «Ақида: жаңа ғасырдағы жат ағымдар мен ұйымдар» және «Фиқһ: Ханафи мәзһабының намазға қатысты дәлелдері» атты танымдық аймақтық қос діни семинар ұйымдастырылды.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинарға ҚМДБ Найб мүфтиі, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі шейх Сансызбай қажы Құрбанұлы арнайы қатысып, дәріс оқыды.
Жалпы семинар барысында шейх Сансызбай қажы Құрбанұлы ақида және шариғат мәселелері, жат ағымдардан сақтану жолдары мен уағыз-насихат жүргізу тәртібі, пәтуа беру ережесі сынды күрделі мәселелерді түсіндірді.
Семинарға қалалық ЖАНТ мүшелері мен діни оңалту, шариғат және пәтуа саласына жауапты мамандары мен қала имамдары қатысып мол ақпарат алды.
Шара соңында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов ұстаз Сансызбай қажы Құрбанұлына алғыс айтып, ризалығын білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі