Бүгін Шымкент орталық мешітінде өткен«Ақида: жаңа ғасырдағы жат ағымдар мен ұйымдар» және «Фиқһ: Ханафи мәзһабының намазға қатысты дәлелдері» атты танымдық аймақтық қос діни семинарда ҚМДБ тарапынан қабылданған «Мешіт имамдарының қызметтік әдебі» атты маңызды құжат таныстырылды.
Маңызды құжатты Шымкент қаласы бас имам орынбасары, қалалық «Әдеп» кеңесінің хатшысы Мұхамеджан Естеміров толық түсіндіріп, жұмыстың барысы бойынша қысқаша баяндады. Құжат ҚМДБ-ға қарасты барлық мешіт имамдарының сөйлеу мен сұхбат беру әдебі және киім кию мәдениетін қалыптастыру болып саналады.
Игі шараға ҚМДБ Найб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, найб имам Мұсабек Ақтамберді «Тауаф» компаниясының қалалық өкілі Азамат Әбдікерімұлы және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Тұран аудан имамдары қатысты.
Айт кетсек, қалалық «Әдеп» кеңесі өткен жылы құрылған болатын. Оның құрамына елге белгілі, көп жылдық тәжірибесі бар һәм білімді дін қызметкерлері іріктеліп алынған.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі