Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап бір ай бойы ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігіне қарасты Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Абдікерімұлының ұйытқы болуымен «Біз жастар – темекі және алкоголь өнімдеріне қарсымыз»  атты ациясы болып өтті.

 Акция барысында  Шымкент қаласына қарасты 200-ден астам  ірі Сауда үйлері мен шағын дүкендерді аралап,  оларға  темекі және алкоголь өнімдерінің адам денсаулығына зиян екендігін және жастарға ішіктік пен темекі өнімдерін сатпау және оның зиянды тұстар кеңінен түсіндірілді.

Бұл шара Шымкент қаласындағы Жастар ұйымдары мен мешіт имамдары атсалысты.

Үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде бірнеше дүкен иелері ішіктік пен темекі өнімдерін сатуды  доғарғанын атап өту керек.

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38