Олар көк аспанда тіршілік етеді, Алла Тағаланың жанында болады:
«Олардың үстіндегі көк аспан жарылып кете жаздайды, періштелер болса Раббысын мадақтаумен, жердегілерге жарылқау тілеумен болады».[1]
Раббыңның құзырындағы (періштелер) Оны күндіз-түні мадақтаумен болады, және олар бұлай етуден еш жалықпайды!».[2]
Періштелер Алланың әмірімен жер бетіне түседі, Раббысының бұйрықтарын орындайды:
«Біз (жерге) Раббыңның әмірімен ғана түсеміз».[3]
Ал, әдеттегіден тыс жағдайларда періштелер жер бетіне көптеп әрі жиі түседі. Мәселен, қадыр түнінде:
«Қадыр түні мың айдын да қайырлы. Бұл түні періштелер мен Рух[4] Раббыларының рұхсатымен Оның әмірлерін орындау үшін түседі».[5]
Шымкент қаласы орталық мешіті
[1] «Шура» сүресі, 5.
[2] «Фуссилат» сүресі, 38.
[3] «Мәриям» сүресі, 64.
[4] Бұл жерде айтылған «Рух» – Жәбірейіл періште. Толығырақ мәлімет алу үшін Ибн Касир, Құртуби тәпсірлерін қараңыз.
[5] «Қадыр» сүресі, 3-4.