IMG 1071

IMG 1071

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияровтың басшылығымен Шардара қаласы «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінің бас имамы, жалпы жастар ісі бөлімінің жауапты өкілі Н. Шәдекұлы Мақтарал ауданы Нұғыман мешітінің найб имамы, жалпы жастар ісі бөлімінің жауапты өкілі Б. Шәймерденнің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру , – мақсатында кіші футболдан турнир өтті. Жамағат арасында спорт түрлерін кеңінен насихаттау, ауызбіршілікті, ынтымақтастықты, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген турнирді ҚМДБ – ның ОҚО өкілдігі, облыстық орталық мешітінің найб имамы, Е. Қарақұлов, ОҚО бойынша жалпы жастар ісі бөлімінің жетекшісі А. Қарабатыр, Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров, Мақтарал ауданы Нұғыман мешітінің бас имамы Б. Сыздықов қатысып қатысушыларға сәттілік тіледі. ОҚО қарасты 6 аудан мешітерінің жастар ісі бөлімінің жауапты өкілдері де қатысты. Жарысқа 10 команда қатысып, бірінші орынды Қоссейіт ауылы «Қоссейіт» мешітінің командасы алса, екінші орынды Алатау батыр ауыл округі «Алатау батыр» мешітінің командасы иеленсе, Шардара қаласы «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінің командасы жүлделі үшінші орынды қанжығасына байлады. Турнир кубогіне оқ бойы оза шауып, әсерлі ойын көрсеткен жамағаттарға «Үздік шабуылшы» номинациясы, «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» номинациясымен марапатталды. 1,2,3 орын иегерлеріне кубокпен қаржылай сыйлықтар тапсырылып, мақтау қағаздарыжәне , басқа қатысушыларға Алғыс хаттармен марапатталды.
Қасиетті жұма намазында Шардара қаласы «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінде жұма уағызына ҚМДБ – ның ОҚО өкілдігі, облыстық орталық мешітінің найб имамы, Е. Қарақұлов, Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінде, Төлеби ауданы «Нұр» мешітінің найб имамы А. Бекмұратов, Шардара ауданы «Жаушықұм» мешітінде Қазығұрт ауданы «Мұсылмандар» мешітінің найб имамы Н. Байжанов, «Шардара» ауданы Қ. Тұрысбеков ауыл округі Шардара ауылы «Шардара» мешітінде Бәйдібек ауданы «Нахыпбек әуен» мешітінің найб имамы А. Шахафуддин, Шардара қаласы «Аль – Фаттаһ» мешітінде Сарыағаш ауданы «Әл – Құддыс» мешітінің бас имамы Ж. Бердалиев «Тарихтан тағылым өткеннен өнеге», – тақырыбында уағыз – насихат айтты.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

IMG 1071

IMG 1072

IMG 1073

IMG 1074

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38