IMG 1068

IMG 1068

Шардара қаласы «Әбу Мансур әл — Матуриди» мешітінің бас имамы, Жастар өкілі Н. Шәдекұлы «Аль — Фаттаһ» мешітінің бас имамы С. Шинибеков «Бараат», — кешіне орай жамағатқа мешіттерде ауыз ашар ұйымдастырылды. Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров бараат түнінің қадір қасиеті жайында уағыз — насихат айтты. Пайғамбарымыз (с.а.с) бір хадисінде: «Шағбан — менің айым, Ережеп — Алланың айы, Рамазан — үмбетімнің айы», — деп осы айға да баса назар аударған. «Шағбан айының жартысы толған түнді құлшылықпен (мағынасы мен маңыздылығына сай) өткізіңдер. Күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені, Алла Тағала күн ұясына батқан шақта: «Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру — сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін», — деп, таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді». Бұл түнді Пайғамбарымыз (с.а.с) қадірлеп, қастерлесе, ол түнде міндетті түрде береке бар деген сөз. Сондықтан бұл түнге жеңіл қарамай, құлшылықты, дұға — мінәжатты көбейтіп өткізген абзал. Алла Тағала баршамыздың құлшылықтарымызды қабыл етсін.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

IMG 1067

IMG 1068

IMG 1069

IMG 1070

от Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Добавить комментарий