Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен ораза тұьушы жамағаттың Қасиетті Рамазан айына дайынпен кірсін деп «Рамазан құпиясы» атты рухани кеш өткізді.
Рухани кешті «Әйел-қыздар» секторының Шымкент қаласы бойынша жетекшісі Досжанова Балжан «Рамазанды қалай пайдалы өткіземіз» атты уағызымен бастады. Онымен қоса Рамазан айында ден саулықты қорғау және дұрыс тамақтану жолдарын үйрету үшін дәрігер, нутрицолог Нурила Есжанова сөз алды. Келген қонақтарға сергіту сұрақтары қойылып, баршасына сыйлықтар үлестірілді. Дастархан жайылып, келушілер дұға жасап, жылы лебіздерін білдірді. Іс-шараның негізгі ұйымдастырушылары «Жаннат бағы» қыз-келіншектер клубы.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі