Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сайрам жами мешітінің «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен әйел жамағатына «Қош келдің Рамазан» атты рамазанға дайындық Рухани кеші өтті. Рухани кеште иләһи әндер айтылып, көрініс көрсетіліп, маналог оқылды. Іс-шараға 200ден аса көрермен қатысты. Осы кештің арасында мешіт шәкірттерінен әліпби бітіріп Құран оқуды үйренген шәкірттер марапатталып, бастарына хафиз-қари болулары ниетімен тәжілер кигізілді. Сайрам жами мешітіне ілім үйренуге келетін шәкірт көп. Соның ішінен міне 40 қызымыз тәжісін киіп марапатталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі