Мешіт – Алланың жердегі үйі. Мінәжат орны. Оны тазалап күтіп ұстау әрбір мұсылманның міндеті. Қасиетті Рамазан айының келуіне орай мешітімізге үлкен тазалық жүргізу мақсатымен Исамиддин баба мешітінің  ұстазы Сыдықова Гүлжан және мешіт шәкірттері, қыз-келіншектер 10-наурыз “Жұмадағы жәрмеңке” іс-шарасын өткізді.
Қайырымдылыққа арналған бұл жәрмеңкеде түрлі тіскебасар, наурыз көже, палау сатылымға шықты. Жәрмеңке соңында түскен 200 мың теңге қаражат мешіттің төсеніш, перде жабдықтарын жууға жұмсалды. Осындай жәрмеңкеге үлес қосып көмек көрсеткен барша мұсылманға алғыс айтамыз.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38