Рамазан – айлардың сұлтаны, мұсылман қауымының сағына күтіп, қимай қоштасатын айы. Адамның тәнін, жан дүниесін тәрбиелейтін қадірі мол бұл айда әрбір пенде рухани кемелдікке жетіп толысады. Сауабы еселене берілетін кешірім мен мейірімге толы айды ерекше дайындықпен қарсы алу ниетімен Шымкент қаласы Исамиддин баба мешіті “Sakina”- қыз-келіншектерінің ұйымдастыруымен “Рамазан – рухани азық” интеллектуалды сайысы өтті.
Рамазан айына дайындықты кітап оқумен бастаған келіншектер өздерінің алған әсерімен және пайдалы инсайттарымен бөлісті.
Сайыс барысында ребус шешу, сұрақ-жауап, әсерлі уағыз-насихатпен толықты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі