Шымкент қаласы Қаратау ауданы Мұхаммад-Нұр және Жаңа мешіттерінде «Әйел-қыздар» секторы бойынша жұмыс жасап жатқан Махира Курбанкулова ұстаздың ұйымдастыруымен «Жаннат аналардың аяғының астында» атты аналарға алғыс айту кеші өтті.
Кеште аналарға арналған өлең жолдары оқылып, арналардан тәрбиелік мәні бар насихаттар тыңдалды. Кеш соңында аналарға сыйлықтар мен алғыс хаттары берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі