Шымкент қаласы Абай ауданы Ғалым Абдусаттар Сманов мешіті жамағатының ұйымдастыруымен Дін мен Дәстүр бағыты брйынша «Қазақтың ұлттық құндылықтары» атты іс-шара өткізілді. Жамағат мешіт сабақтарында да белсенділік танытумен қатар, іс-шарада қойылымда ойнап тағы бір қырынан таныла білді. Аузында Алласы бар, қолында тәспісін тастамайтын әжедеріміздің рөлін сомдап, қазіргі таңда ұмытылып бара жатқан ұршық иіру, киіз басу дәстүрлерін көрсетіп өтті. Сонымен қатар, қазақтың төрт түлік малдан жасалған дәрумендерге бай түрлі, қазіргі қоғамда аты да естілмей кеткен, шебер қазақ халқының тағамдары аталып өтті. Киіз үйдің артықшылықтары, әр бұйымға сәнін беріп, қазірге дейін сәнін жолғалтпаған оюлардың қолдану орны айтылып өтті. Ерулік, бастаңқы сияқты қолданыста болғанмен аты жат болып кеткен дәстүр қойылымда көрсетіліп өтті. Бастағылық дәстүрінде абысындар бас қосып, үй еркелері, бойжеткендеріне кеспе кесу өнерін үйретіп, үлкендеріміз бағалап өтті. Үйдің кенжелері де қалып қоймастан жеткіншек қыздар тобы, үкілі тақияларын киіп, сайыста өнерлерін көрсетті. Бірі қол өнерін көрсетіп, бірі ән айтты.
Көріністер соңында қонақ болып келген көрермендерге де дәстүрге байланысты сұрақ-жауап айдарына кезек берілді. Дастархан жайылып, ұлттық тағамдардан дәмдер ұсынылып, әжелеріміздің ақ батасын алып іс-шара жиыны тарқасты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі