Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының бас имамы Ербосын Бектұрсынұлының және Зекет қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен кәсіпкер азаматтар әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және мүгедек жандардың үйін имаммен бірге аралап, жағдайларымен танысып, зекеттерін берді. Ауданның бас имамы зекет беруші және алушы жандарға дұға етті.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі