ҚМДБ биылғы 2023-жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялады. Сол бойынша Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы «Имам Ағзам» мешітінде бес бағыттың бірі «Ихсан және насихат» тақырыбында іс-шара өтті. Игі іс-шараға қаламыздың бас имамының бірінші орынбасары Ақтанберді Мусабек қажы мен ауданымыздың бас имамы Ахметжан қажы Пірәліұлы арнайы қатысып рухани тәрбие туралы уағыз айтты. Жалпы жамағатқа ас беріліп, Құран оқылды.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі