ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2023 жылға арналған Төралқа мәжілісіндегі бағдарлық баяндамасында діни саладағы 5 бағытты атап өтті.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2022 жылы жеті бағыт бойынша жемісті қызмет атқарды. Ал биыл мүфтият жұмысты одан ары жүйелеу, жандандыру мақсатында бес бағытқа басымдық береді. Олар – дін мен дәстүр; ізгі қоғам; ихсан және насихат; діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру» деді Бас мүфти.

Айта кетейік, бүгін елордасы Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісі өтіп жатыр.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38