Шымкент қаласы Қаратау ауданы Аңламас ата мешітінің әйел-қыздар бөлімінде кітап оқып-талқылаудан интеллектуалдық сайыс өтті. Аталмыш сайыс Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Мұсылманшылықтың шарты» кітабын жандандыру мақсатында өткізілді. Бұл кешті Аңламас ата мешітінің бас имамы Исламқұл Иманқұлұлы ашып берді. «12 айда 12 кітап жобасының ең алғашқысы боп өткен шара өте жақсы деңгейде өтті. Келген көрермендер арасында да түрлі діни сұрақтар қойылып, сұрақ-жауаптар болып өтті. Сайысқа белсенді қатысқан барша қатысушылар мен көрермендерге сыйлықтар үлестірілді.
Сонымен қатар сайыстың соңында «Ең әдемі қазақша киім номинациясы» бойынша 3 орын беріліп, сыйлықтар үлестірілді. Кеш соңында мерекелік дастархан жайылып, келген қонақтар риза боп тарқасты. Осы іс-шараға атсалысқан барша бауырларымызға алғысымыз шексіз!!!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі