Қаратау ауданы, Байғұт баба мешіті, Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен “НАН ТАМАҚТЫҢ АТАСЫ, ЫНТЫМАҚ КӨПТІҢ БАТАСЫ” атты МАСТЕР КЛАСС БОЛЫП ӨТТІ. Мастер класста – дрожсыз нан ашытудың қыр-сыры мен, оның пайдалары туралы егжей-тегжейлі сөз қозғалды. Аталмыш іш-шараны Шымкент қаласының Наиб имамы, Қаратау ауданының жауапты кураторы Естеміров Мұхамеджан имам мен Байғұт баба мешітінің Бас имамы Желеуов Дастан ашып берді. Сонымен қатар дрождың зияны туралы, адам денсаулығына келтіріп жатқан зиянды тұстары туралы насихат айтып, Мұхамеджан имам барлық қыз-келіншектерді Дұрыс тамақтану мен нанды үйде бисмилләмен дрожсыз пісіріп жеу туралы насихат жасады. Мастер класс барысында ыстық нан пісіріліп, қамыр ашытылып , көрермендер арасынан 3 кісі сайысқа түсті. Сайыс арқылы нанды ашыту мен оны пісірудің қыр-сырларын үйреніп, өз өрерлерін ортаға салып, мешіт жамағаты дайындаған сый-сыяпаттарға иеленді. Мастер классты жүргізген Сайрам Жами мешітінің Бас имамы Салахаддин имамның анасы Мухаббат апамыз келіп үйретті. Алла Мухаббат апамызға разы болсын. Отбасына береке берсін деп тілейміз. Сонымен қатар Мастер класста мешіт ұстазы Гүлжан Нұрланқызы уағыз-насихат жасап, ойын ойнатып, қонақтарға сыйлықтар үлестірді. Масстер класс соңында барлық келушілерге ҚАМЫРДЫҢ АШЫТҚЫСЫ ҮЛЕСТІРІЛІП БЕРІЛДІ!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38