Бүгін қасиетті Ережеп айының келуіне орай Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен «Күшіміз бірлікте» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Айтулы шараларға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, найб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев, қалалық «Уақып» қорының өкілі Ералы Есенгелдиевтер қатысып, үлестірді.
Қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі тіркеуде тұрған 1500 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді. Жалпы бір отбасыға (ұн, күріш, шәй, май, қант, макарон өкімдері т.б.) берілген көмектің қаржы мөлшері 18500 теңгегі құрайды.
Айта кетсек, көмекке мұқтаж жандарға жеңіл болу үшін қайырымдылық шарасы қаладағы «Ақмешіт», «Ордабасы», «Байғұт баба», «Нұр-Төбе», «әл-Біләл», «Дін Ислам» мешіттері таңдалып, бір орталықтан үйлеріне жеткізілді. Осы игі шараға қолдау білдірген кәсіпкер азаматтарға Алла Тағала разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі