Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы «Уағыз-Насихат» бөлімі Қазақстанның әр өңірінен «Әйел-қыздар» секторының жанынан әйелдерге, қыз-келіншектерге арналған даму клубтарын ашу тапсырылған болатын. Осы тапсырма аясында Шымкент қаласынан үшінші клуб ашылып отыр. «Жаннат бағы» атты бұл клубтың мақсаты Шымкент қаласының қыз-келіншектерінің салиқалыққа тәрбиелеу. Міне бүгін осы клубтың ашылуы өтті. Бұл пайдалы клубтың тұсаукесері қалалық орталық мешіт «АҚМЕШІТ»-тің дәмханасында өтті.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі