Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі діни оңалту бағытына арналған көшпелі діни семинары ұйымдастырылды. Діни семинар жұмысын қалалық діни оңалту бағытына жауапты өкілі әрі РАНТ мүшесі Дастан Желеуов жүргізіп, қатысушыларға дәріс оқыды. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының бірқатар тапсырмаларымен жыл бойы атқарылатын маңызды жұмыс жоспарына айрықша тоқталды. Айта кетсек, аталмыш бағыт бойынша жеке және жалпы кездесулер жүргізу, мешіт жамағатымен тұрақты жұмыс жасау сынды өзекті мәселелер пысықталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі