Жастар- ел тұтқасын ұстар мемлекет болашағы. Пайғамбар Мұхаммед Мұстафа (с.а.с) әрдайым баланы жастайынан жүзуге, садақ ату т.б істерге үйрететін. Себебі, балаларды дұрыс жол мен бағытқа жетелейтін. Әрдайым жоқ жітікке көмек қолын созатын. Өзінде болмаса өзгеден алып беретін бүкіл әлем сардары болған Расулалла (с.а.с) қай жағынан болмасын үмбетіне үлгі- өнеге еді. Жастай берген тәрбие- жас шыбықты игендей демекші- қазіргі жас ұрпаққа жақсы тәлім- тәрбие беру, қайырымдылық пен мейірімділікке үндеу- біздің міндет. Осынау қағидаттарды алға тарта отырып, Аудандық «Нұғман» мешіті Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Шаймерден Бағдат және ерікті жастар жамағаты Мақтарал ауданы, Ынтымақ ауылында орналасқан «Сақы ата» мешіті және «Ынтымақ» мешітіне сый жасады. Ерікті жамағат тарапынан алынған «Адамзаттың асыл тәжі», «Пайғамбар тарихы», «Бала тәрбиесі және діни бүліктер» атты 100 дана кітап, сонымен қатар ер кісілерге арналған 100 дана жазғы аяқ- киім мешітке тарту етілді. Қайырымдылық баға жетпес асыл іс. Сондықтан да әрбір игі істер мен жақсылықтар алдағы уақытта жалғасын таба бермек.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі