Шымкент қаласының орталық мешіті Ақмешіттің әйел-қыздар жамағатына сира пәні бойынша 16 желтоқсан күніне орай «Отанды сүю иманнан» атты ашық сабақ өтті. Ашық сабақ барысында ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған жеріне, отанына деген махаббаты, қарым-қатынасы туралы ақпарат берілді. Шәкірттер екі топқа бөлініп сұрақтар қойып, сөзжұмбақтар жасырып мешіттен алған білімдерін сынап жарысты.
Желтоқсан оқиғасында қаза тапқандар еске алынып, Отанды сүю иманнан екендігі шәкірттелге үйретіліп, сіңдірілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі