Шымкент қаласы Қаратау ауданы Ғ.А.СМАНОВ мешіті жамағаты ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с. ) өмір баяны сира пәні бойынша білімдерін сынап жарысты.
Жарысқа қатынасушылар Сиярдан жеке тест сұрақтарын тапсырып, топқа бөлініп, 2-турда жұмбақ суретте жасырылған сұрақты бірге шешіп және Пайғамбарымыз (с.а.с) өмірбаяны жайлы видео сұрақтар жасырылды. Қатысушыларды жан-жақты үойын қозғау үшін, келген көрермендер және балалар да көріп зерікпестен әсермен қатынасып отыру үшін, сурет, видео түрінде сұрақтар болып отырды.
Соңында кішкентайлар да жаттаған сүре,дұға, тілек-баталарын айтып өз сыйлықтарын иемденді. Жарыс нәтижесін әділ қазылар анықтап шығарып, 1-орын Рауанқызы Нұрсезім, 2-орын Анарбекова Нұргүл, 3-орын Дашимова Сұлухан апайларымыз алды. Аллаһ пайдалы ілімдерін арттырсын.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38