Адам баласының өмірдегі негізгі мақсаты құлшылық дейтін болсақ, сол құлшылықты орындауы үшін де денсаулық қажет. Бұрынғы даналардан: «Денсаулық – сау адамның басындағы тәж. Оны сырқат адам ғана көре алады», – деген сөз бар. Дене сау болуы үшін дұрыс тамақтану аз, оны күтіп шынықтыру өте маңызды. Осыған орай 24-желтоқсан күні Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы Исамиддин баба мешітінің бас имамы Ербосын Бектұрсынұлының қолдауымен қыз-келіншектер арасында волейбол жарысы өтті. Жарысқа 25-ке жуық қыз-келіншектер қатысты. Өте қызықты әрі тартысты өткен бұл сайыста
1-орын иегерлеріне 20 мың теңге ақшалай сыйлық табыс етілді.
Sakina – қыз-келіншектер клубы атынан 2-3 орын жеңімпаздарына фитнес және бет күтіміне арнайы жолдамалар берілді. Қолдау білдіріп, көмек көрсеткен жандар мен қатысушыларға алғыс білдіреміз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі