ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің тапсырмасымен әр өңірдің Әйел-қыздар секторы мешіт жанынан қыз-келіншектерге арналған онлайн дәрістерді дамыту тапсырылған болатын. Міне осы тапсырма бойынша Шымкент қаласының Қаратау ауданының орталық мешіті Байғұт-баба мешітінің жанынан @Furqan_qm онлайн қарилер мектебі ашылған болатын. Осы мектептің жұмыс жасап жатқанына бір жыл толуына орай «Бақыттың кілті Құранда» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кештің басты қонақтары – осы онлайн мектептің онлайн ұстаздары құрметті Қарилер болды. Және осы қари ұстаздармен танысқысы келген, қари болуды армандаған жандар да осы кештің құрметті қонақтары болды.
Кештің негізгі мақсаты қари ұстаздардан сұхбат алып, қыз-келіншектерді Құран жаттауға қызықтыру   ынталандыру еді. Қари ұстаздар Құран жаттаудың оңай әдістерін, Құран жаттаудың маңыздырығын және өздерінің қарилік жолындағы қызықты әңгімелерімен бөлісті.
Мерекелік кеш көңілді, пайдалы және рухани бай түрде өтті. Осындай пайдалы да хайырлы еңбектері үшін Фурқан онлайн қарилер мектебінің @furqan_qm ұжымына үлкен алғысымызды білдіреміз.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38