Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен , Байғұт баба мешітінде “ Келер жылға мақсат қою, жоспар жасау” атты мастер класс болып өтті.  Мастер класты Байғұт баба мешітінің Бас имамының бірінші орынбасары Али имам дұғасымен , әрі әйел жамағатына Мақсат қою мен жоспар жасау турасында насихатпен ашып берді. МК барысында Өткен жылды қорытындылап, есеп беру, арманды мақсатқа алмастыпу, Рамазан айына дайындықты бастау, сонымен қатар соңғы 6 айда Орамал таққан қыз-келіншектерді мешіт атынан Орамалдар сый-сияпатқа тартылды. Сөз соңында әрбір әйел мықты мұсылман болу керек екендігі, сол арқылы мықты ұлдарды тәрбиелей алатындығы айтылып қорытындыланды. Мастер класс өткізген аталмыш мешіттің ұстазы Гүлжан Нұрланқызы.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38