Бүгін Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі Нұралы  Бақытұлы жұма уағызын жүргізді. Іс-сапармен келген  РАНТ мүшесі Нұралы  Бақытұлы «Аманатқа берік болу» тақырыбында уағыз айтып, елді бірлікке, ынтымаққа шақырды. Сондай-ақ, биылғы жылы ҚМДБ тарапынан  «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» деп жария етілгендігін айрықша атап өтті. Жұма намазы барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, РАНТ мүшесі Нұралы  Бақытұлына жамағат атынан алғысын білдірді.  Жұма намазын жамағатпен оқып,  бірге ел тыныштығы мен бірлігі үшін бата жасады. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38