Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ-ның жеті бағыт жұмысы бойынша аудан бас имамдарының 2022 жылы атқарған есебі тыңдалды. Есеп беру мәжілісіне Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді,  Мұхамеджан Естеміров, қала имамының кеңесшісі Бекайдар қажы Төлжанұлы,  қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның  бақылаушы өкілі әрі найб имамы Қазыбек Сарыбаев, Қажылық және «Darhan Dala» жобасының қалалық өкілі әрі іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры мен жастар ісі секторының жетекшісі, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудан имамдары қатысты. Жалпы, жылдық қорытынды есептің нәтижесі бойынша Қаратау «Үздік аудан, Үздік имам» аталымына ие болды. Сондай-ақ, үздік қызмет атқарған  жергілікті ақпараттық насихат тобының (ЖАНТ) мүшелері Сапарғали Абдуқаймов, Әділхан Сертай, Нұрсұлтан Орынбаевтарға отбасымен берге «Ақсужабағылы» шипажайына жолдама берілді. Мұнымен қатар,  7 бағытқа қарасты 17 саланың жұмыстар нәтижесінде ең үздік 40 имамға марапат және елу мың теңгеде сыйақы берілді. Әріптестер марапат құтты болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38