Бүгін Шымкент орталық мешітінде «Халал өнім – шариғат талабы» атты семинарында ҚМДБ-ның «Халал Даму» ЖШС барлық талаптарға сай келетін 7 кәсіпкерге арнайы сертификат табыс етілді. Аталмыш сертификаттарды ҚМДБ-ның «Халал Даму» бөлімінің қалалық басқылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев табыс етті. Атап айтқанда, «Шымкент құс жұмыртқасы», «Шымкент Зияткер мектебі – асханасы», «Кәусар» дәмханасы (Түркістан облысы, Сарығаш қаласы), «Хадия» мен «Амина» кондиртерлік өнімдері және «Дастархан» пелмен өнімдері ие болды. Басқосу аясында, ел Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай ҚМДБ-ның «Халал Даму» сертификатына ие болған кәсіпкерлерге Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы атынан арнайы сый-сипаттар табыс етілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі