27-қараша күні Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Исамиддин баба мешіті жанынан ашылған “Sakina”-қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен “Бүгінгінің Хадишасы” атты дөңгелек үстелі өтті. Жиынға 45-ке жуық әйел жамағаты келіп Пайғамбарымыздың жұбайлары, мүмін аналарымыз жайлы білімін ортаға салды. Салиқалы әйелдің сипатына сай болуға үгіттейтін ойларымен бөлісті.
Аталмыш шара барысы күнделікті дұғалар мен Алланың көркем есімдерін жатқа айту сайысымен аяқталды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38