Шымкент қаласы, «Ибрахим ата» мешітінің ұйымдастыруымен. Қасиетті жұма күні “БЕРЕКЕЛІ ЖҰМА” қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 12 аз қамтамасыз етілген отбасыларға ет, жеміс жедік және нан өнімдерін таратылды, демеушілерге алғысымызды білдіреміз. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқа жолдармен де қайырымдылық жасау – борышымыз. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіндігің жетіп тұрса неге қол ұшын созбасқа?!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі