Шымкент қаласы Абай ауданы Қождан ата Жиеней мешіті әйелдер бөлімінде сира сабағынан ашық сабақ өтті. Қазан айының басында шәкірттер арасында  «Бір айда бір кітап»  кітап оқу жобасы бойынша Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  өмірбаянын оқу жолға қойылған болатын. Бүгін шәкірттер сол оқыған кітаптарын ашық сабақта қорытындылады.
Сабақ барысында шәкірттердің жан-жақты дайындалғаны байқалды, әрбір оқиғаны сенімді хадистермен қуаттап ашықтай түсті.
Сайысты одан әрі қызықты ету үшін соңғы бөлімде барлық қатысушылар екі топқа бөлініп өзін ара тағы сайысты.
Сайыстың жеңімпаздары анықталып марапатталды. Бұл сайыс шәкірттерге ілім алуға деген ынта жігерін одан әрі арттырды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38