Шымкент қаласы, «Әділ Омар» мешітінің ұйымдастыруымен. Жомарт жанды демеушілердің қайырымдылығымен. Көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлікпен көмек көрсетілді. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі