Бүгін ҚМДБ төрағасының орынбасары, Найб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы «Шымкент» медресе-колледжінде ұйымдастырылған «Діни қызмет – үлкен аманат, сауапты да жауапты жұмыс» атты семинарға қатысты.
Әуелі оқу ордасының тыныс-тіршілігі, атқарылған жұмыстар мен соңғы жетістіктері туралы «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай жан-жақты таныстырып, баяндады.
Ұйымдастырылған семинар аясында Найб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы ұстаздар қауымы мен шәкірттерге мұсылманның шынайы келбеті, білім алу, ұстазды құрметтеу, отанға, дінге қызмет ету туралы арнайы дәріс оқыды.
Бас қосу аясында қатысушылар сұрақ қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Осыдан кейін, ҚМДБ Найб мүфтиі Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы мен Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы медресе ауласына ағаш отырғызды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі