Шымкент қаласы орталық мешіті Ақмешіттің әйел-қыздар жамағаты тарихи және рухани құндылықтарды мол «Қылует» мұражайын аралады.
«Қылует» этнографиялық мұражайы
Бұл – әр келген қонағын ерекше ілтипатпен қарсы алып, Қазақстан мәдениеті тарихының мәлім де беймәлім қырларын тануға жол нұсқайтын ерекше орын.
Шымкенттегі этнографиялық мұражайды еш әсірелеусіз бірегей мәдениет ошағы дей аламыз. Оған негіз – мұражай экспозициясы мен ғимараты толықтай бір ғана адам – Кендебай Қарабдаловтың қолымен жасалуы. Кендебай Қарабдалов ұлттық мәдениетте мәңгіге сақталған қазақ халқының ежелгі тұрмыс-салтын бейнелейтін саздан жасалған түрлі тұрмыс бұйымдарын, құмыралар мен 10-нан артық музыкалық аспапты қайта жаңғыртқан. Мұражайдың бір бөлігі жер астында орналасқан қылует – жер асты мешіті болып табылады.

Мұнда орнаған тыныштық келушілерге рухани үндестік сыйлап, көп дүниені ой елегінен өткізуге итермелейді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38