Бүгін ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр»  бағыты бойынша Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық мешітінің ұйытқы болуымен  марқұм Ходжаев Мухибулла Хабибуллаұлын еске алуға арналған мешіт қызметкерлері арасында ұлттық спорт түрлерінен турнир ұйымдастырылды.

Турнирга Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имам  Мұхамеджан Естеміров,  Ахметжан Керімбек, Бекайдар Әміре,  Бердалы Жәміш, Дастан Желеуов, Берік Қалдаров және қала имамдары мен ұстаздары қатысты.

Игі шара қасиетті Құран оқумен басталды.  Осыдан кейін, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы,  Бекайдар Әміре сөз сөйлеп,  марқұм Ходжаев Мухибулла Хабибуллаұлын еске алуға арналған шараның маңыздылығына айрықша тоқталып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Игі шараны дінтанушы Мұхамеджан Естеміров жүргізді.

Жалпы, төрт команда қатысты. Олар «Абай», «Әл-Фараби», «Еңбекші» және «Қаратау» командалары. Жарыс барысында футбол,  үстел тенисі, арқан тарту және садақ атудан жарыс өткізілді. Нәтижесінде бірінші орынды «Әл-Фараби» командасы иеленді. Жүлделі орын иелеріне өкілдіктің кубыгі мен дипломы табысталды.

Айта кетсек, марқұм Ходжаев Мухибулла Хабибуллаұлы 2020 жылы әлемге дүрбелең салған індет салдарынан  өмірден озды. Ол өмірінің соңына дейін «Амали Солих» мешітінде имамдық қызметте болып, асыл дінімізді насихаттауға үлес қосты.  Сондай-ақ, ол сонау тоқсаныншы жылдары Ратбек қажы Нысынбайұлы хазретке сүйеу болып, діни басқарманың Өзбекстаннан бөлініп, жеке дара басқарма, мүфтият болып құрылуына атсалысқан азаматтардың бірі. Оңтүстік Қазақстан облысын 1990-2000 жылдары өкіл имамы қызметтерін абыроймен атқарған.

  ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38