Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Республикалық «МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛІНІҢ ШАРИҒИ КИІМ ҮЛГІСІ» бойынша дизайнерлер мен тігіншілер конкурсының Шымкент қаласы бойынша іріктеу сайысы өтті.
Сайыскерлер төрт номинация бойынша іріктеуден өтті. Төрт номинация бойынша Турабекова Злиха, Отжанова Мөлдір, Гүлфарида Пірімкулова және Муниса Тойчиева есімді дизайнер әрі тігіншілеріміз осы сайыстың Астана қаласында өтетін Республикалық конкурсына жолдама және қаржылай сыйлық ұтып алды.
Және барлық қатысушыларға Safa_muslim.kz дүкенінен жеңілдік сертификаты мен Safa_ fit әйелдер сауықтыру кешеніне тегін бір реттілік сертификат сыйлыққа тарту етілді. 
Әділ қазылар алқасы ретінде Шымкент қаласы орталық мешіті Ақмешіттің ұстазы Бекет Күлсара ұстаз, Атырау қаласының бұрынғы сектор жетекшісі әрі тігін шебері Айжарқын Түзелова, бұрынғы ұстаз, қазіргі кәсіпкер, inteks_salonshtor дүкені иесі, тігінші, дизайнер Бекарыстанәлі Индира, және Appaq Ana әдеп мектебінің директоры Салтанат Сейітжан ханымдар төрелік етті.
Барлық киім үлгілері •шариғат талабына сай , •қазақы нақышта және •заманауи үлгіде болуы шартына сай іріктелді.
Өтілген сайыстың арқасында сайыскерлер мен көрермендер рухани жаңғыруды сезінді
 

  ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38