Бүгін Шымкент қаласы,  Әл-Фараби  ауданы «Айқап» мешітінде ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр»  бағыты бойынша ақсақалдар арасында «Бата беру мәдениеті» атты рухани  байқауы болып өтті. Игі шараға  Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан  Естеміров,  Әл-фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек қатысып, төрелік етті. Бата беру байқауы қасиетті Құран оқумен басталды.  Осыдан кейін, Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, жарыс тәртібін түсіндірді. Сайысқа 13 ақсақал қатысты. Жалпы барлық қатысушыларға  алғыс хат пен қаржылай сый-сипаттар табыс етілді.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38