Бүгін Шымкент қаласы,  Абай  ауданы «Бибісара ана» мешітінде ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр»  бағыты бойынша ақсақалдар арасында «Бата – бақыт бастауы» атты рухани байқауы ұйымдастырылды. Игі шараға  Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан  Естеміров,  Әл-фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек, Абай аудан бас имамы Бердалы Жәміш, «Бибісара ана» мешітінің бас имамы Самат Анарбаев, дінтанушы Исмайл Панов қатысып, төрелік етті. ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр»  бағыты негізінде ұйымдастырылған шара барысында Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, жарыс тәртібін түсіндірді. Аталмыш байқау төрт ауданда ұйымдастырылды. Жоғары орындар алған ақсақалдар қалалық деңгейде өтетін бата беру байқауына жолдама алды.  Жалпы, іріктеуден өткен 15 ақсақал қатысты. Жалпы барлық қатысушыларға  алғыс хат пен қаржылай сый-сипаттар табыс етілді.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38