Бүгін  ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ-ның Шымкент қаласы орталық мешітінде қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен  «Берекелі жұма» атты қайырымдылық шарасы өтті. Қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев арнайы қатысып, ізгі тілектерін арнады. Жалпы, қайырымдылық шара барысында 65 көпбалалы, отбасында айрықша науқас балалары бар мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеті үлестірілді. Осы игі шараға қолдау білдірген кәсіпкер азаматтарға Алла Тағала разы болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38