Биыл  Көрнекті мемлекет,  саясат және қоғам қайраткері Асанбай Асқарұлы Асқаровтың туғанына – 100 жыл. Осыған орай Шымкент қаласының мешіттерінде тарихи тұлғаны еске алу шарасы ұйымдастырылды.

Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Бекайдар Әміре, Азамат Әбікерімұлы, қалалық «А.Асқорав» атындағы дендрологиялық саябақтың директоры міндетін атқарушы Ерлан Иманқұлов және дін қызметкерлері мешіт жамағатымен бірге бесін намазынан бұрын қасиетті Құранды тіләуат етіп, дұға жасады.  

Асанбай Асқарұлы Асқаров  1922 жыл 15-қыркүйекте  Жамбыл облысыМеркі ауданыТәтті ауылында дүниеге келген. Көрнекті мемлекет, саясат және қоғам қайраткері, Алматы (1959-1965), Жамбыл (1965-1978) және Шымкент (1978-1985) облыстары партия комитеттерінің бірінші хатшысы,  ақынмемуаршы, зерттеуші,  Социалистік Еңбек Ері (1982).

А.А.Асқаров – экономика ғылымының кандидаты, Халықаралық Акмеология Ғылымдары академиясының академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры.  А. Асқаров – «Тағдыр» (1991), «Жұмақ пен тозақ жырлары» (1992), «Көзқарас» (1997), «Ұлы Тұранның ұлдары» (1998) және көптеген кітаптардың авторы.

Шымкент қалалық мәслихаты депутаттар мәжілісі 1994 жылғы 2 сәуірдегі І сессиясының № 1 қаулысымен А.Асқаровқа, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және Шымкент қаласындағы тамаша мәдениет кешенін құрғаны үшін «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38