Бүгін ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр»  бағыты бойынша Шымкент қаласы,  Еңбекші ауданы «Ислам Нұры» мешітінде «Бата беру әдебі» атты  ақсақалдар арасында бата беру сайысы ұйымдастырылды.

Игі шараға  Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан  Естеміров,  Еңбекші аудандық мешіттің бас имамы Берік Қалдаров,  Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек, Самат Анарбаев, Бекайдар Әміре қатысып, төрелік етті.

Әуелі қасиетті Құран оқумен тасталды.  Осыдан кейін, Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, жарыс тәртібімен маңызы түсіндіріп берді.

Сайысқа 15 ақсақал қатысты. Сайысты «Ислам Нұры» мешітінің бас имамы Ынтымақ қари жүргізіп отырды. Жалпы барлық қатысушыларға  алғыс хат пен қаржылай сый-сипаттар табыс етілді.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38